Бейруттегі жарылыс Арыстағы оқиғаға ұқсас – Расул Жұмалы

5 Тамыз 2020, 12:30
1963
Бөлісу:
Бейруттегі жарылыс Арыстағы оқиғаға ұқсас – Расул Жұмалы

Алматы, BAQ.KZ. Бейруттегі жарылыс террорлық әрекеттен гөрі жемқорлық пен лауазым иелерінің салдыр-салақтығына, жауапсыздығына көбірек ұқсайды. Бұл туралы саясаттанушы Расул Жұмалы facebook-тегі парақшасында жазды.

Саясаттанушы Ливан елі соңғы 40 жыда көптеген қиындықты басынан өткергенін айтады.
Бейруттегі кешегі жойқын жарылыс жайында түрлі жорамалдар айтылуда. Расында да соңғы 40 жылда кезінде "Таяу Шығыстың Парижі" саналған Ливан астанасы сыртқы күштердің тепкпінінен көз ашпай келеді. АҚШ флотының бомбылауы, Израильдің басқыншылығы, Сирияның тізе батыруы, Иранның Хезболла мен Әмәл ұйымдары арқылы арандатуы, палестиналық босқындардың шектен шыққаны - не көрмеді бұл ел. Суннит, шиит, друз, христиан, маронит, т.б. болып жікке бөлінген қоғамның іштей алауыздығы толастамай келеді, - деп жазды ол. 
Сонымен қатар, ол Бейруттегі жарылыс Арыстағы оқиғаға ұқсас деген пікір білдірді.
Алайда соңғы қасірет террорлық әрекеттен гөрі жемқорлық пен лауазым иелерінің салдыр-салақтығына, жауапсыздығына көбірек ұқсайды. Өткен жылғы біздегі Арыс оқиғалары еріксіз еске түседі. Жарылыс бойынша тергеу нәтижесін әлі ести жатармыз. Десе де кей кездері қауіп-қатердің сырттан ғана емес іштен де болатынын ұмытпай, оның алдын алу шараларын дер кезінде қабылдау керек, - деп жазды саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы