Бейруттағы жарылыс салдарынан 60 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

8 Тамыз 2020, 17:49
1843
Бөлісу:
Бейруттағы жарылыс салдарынан 60 адам із-түзсіз жоғалып кеткен
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейрут портындағы жарылыс салдарынан 154 адам қайтыс болған. 

AFP мәліметінше, 8 тамыздағы жағдай бойынша елдің денсаулық сақтау министрлігі 60 адамның із-түссіз жоғалып кеткенін мәлімдеген.

Қайтыс болғандар саны 154-ке жетті. Оның 25-інің тұлғасы анықталмады. Сонымен қатар, 60 адам хабар-ошарсыз кетті, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сейсенбі күні кешке Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Биліктің хабарлауынша, жарылысқа 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. Төтенше жағдай салдарынан қала ғимараттарының жартысы зақымданып, зардап шеккендердің көптігінен ауруханалар толып кетті. Сол уақыттағы мәліметтер бойынша, жүзден астам адам қайтыс болып, төрт мыңға жуық адам жарақат алған. Бірқатар адам әлі де жоғалып кеткендер санатында.

Ливан Үкіметі трагедия құрбандарына байланысты үш күндік аза тұту жариялады.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алған болатын, алайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров консулдың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Бұған дейін жарылысқа қатысты 16 адамның ұсталғаны хабарланды.


Өзгелердің жаңалығы