Бас жаңалықтар
Бейруттағы жарылыстан төрт мыңға жуық ғимарат қирап қалды
13 Тамыз 2020, 09:30 151

Бейруттағы жарылыстан төрт мыңға жуық ғимарат қирап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливан астанасындағы портта болған жарылыс жарты қаланы қиратты. Сақтандыру компаниялары 3 миллиард доллар шығын келгенін айтуда.

4 тамызда Ливанның Бейрут қаласында болған күшті жарылыс салдарынан төрт мыңға жуық ғимарат бүлінген немесе толығымен қираған. Бұл туралы Ливанның ішкі қауіпсіздік басқармасы 12 тамыз күні хабарлады, деп жазады korrespondent.net.

Сондай-ақ, ел президенті Мишель Аун Испания королі Филипп VI-мен телефон арқылы сөйлескен кезде, алдын-ала бағалау бойынша, Ливанның шығыны 15 миллиард доллардан асатынын растады. Испан монархы Ливан халқына көңіл айтып, ынтымақтастыққа, сондай-ақ қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Бұған дейін Бейруттағы жарылыстағы жараланғандар арасында коронавирус өршіп бара жатқаны хабарланған болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...