Бейруттағы жарылыстан қайтыс болғандар саны 137 адамға жетті

6 Тамыз 2020, 09:14
1625
Бөлісу:
Бейруттағы жарылыстан қайтыс болғандар саны 137 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті. Бұл туралы Ливанның Денсаулдық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Al Jazeera​​​​​ телеарнасы.

Агенттіктің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 5 мыңға жеткен. Ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұған дейін 135 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Бейрут теңіз портының қоймасында сейсенбі күні жойқын жарылыс болған еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтты.



Өзгелердің жаңалығы