Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді

28 Мамыр 2019, 15:04
2879
Бөлісу:
Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданына жұмыс сапары барысында бірнеше жаңа нысанның ашылуына қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,

Соның бірі Бейнеу ауылындағы 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бір сәтте 600 адамға дейін қабылдай алатын спорт кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі, баскетбол ойнайтын алаңдар мен күрес залы және тренажер залы бар. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорт кешенін ашылу салтанатынан соң Ералы Тоғжанов жас спортшылармен және ауданның белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында облыстың мақтанышы Әлем чемпионтаның, Европа кубогының иегері, Азия чемпионы Бауыржан Нарбаев жастардың атынан алғысын айтты.

Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді

Ел игілігіне берілген жаңа тағы бір нысан жабық жүзу бассейнімен фитнес залы. Енді Бейнеу ауданының бүлдіршіндері бұдан былай жаңа үлгідегі бассейнде шомылып, фитнес залда жаттығатын болады. Нысанның жалпы көлемі 600 м2, 240 адамға дейін қабылдай алады. 

«Каспий теңізінен шалғайда орналасқан ауданда мұндай нысанның ашылуы керемет жағдай, алдағы уақытта ауданнан мықты спортшылар шығып, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин секілді чемпиондар шығатынына сенімдіміз», - дейді ауыл тұрғындары. 

Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді

Бейнеуде пайдалануға берілген тағы бір нысан Боранқұл ауылындағы су тазартқыш қондырғысы бар су құбыры. Су тазарту ғимаратының өнімділігі сағатына 198 текше метр, таза суға арналған 3000 м3 қойма орналасқан. 11 адам еңбек ететін болады.
               

Өзгелердің жаңалығы