Бейіт қоршауларын ұрлағандар ұсталды

20 Наурыз 2020, 16:03
2242
Бөлісу:
Бейіт қоршауларын ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер бейіт қоршауларын ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас ауданы полиция бөліміне Қаратау қаласының 38 жастағы тұрғыны туыстарының бейітіндегі шойын қоршауларды бұзып, ұрлап
кеткендігі туралы хабарлады.

Аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 25 және 19 жастағы
Қаратау қаласының тұрғындары анықталды. Оның бірі бұрын жерлеу бюросында жұмыс істеген. Күдіктілер зиратқа барғанда бірінші кездескен шойын қоршауды бұзып, бөлшектеп қол арбамен алып кеткен. Металл бөлшектерін сатқан ақшаны сол күні жаратып, жеңіл қаржыға дәніккен олар оқиға орнына қайта келіп, вандалдық әрекеттерін жалғастырған. Тергеу жұмыстары барысында күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмастарға қатыстылығы анықталды, - делінген хабарламада. 

Ұсталғандар кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлімі 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары
жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы