Қытай Орталық Азияда "Бэйдоу" спутник навигация жүйесін енгізуді ұсынды

18 Қазан 2019, 09:15
4228
Бөлісу:
Қытай Орталық Азияда "Бэйдоу" спутник навигация жүйесін енгізуді ұсынды
PHOTO
Фото: автордан

Наньнин, ҚХР, BAQ.KZ тілшісі. "Қытай - Орталық Азия ынтымақтастығы" VII форумында аймақта "Бэйдоу" спутник навигация жүйесін енгізу ұсынылды. Аталған жүйе Қытайда қолданылады. 

Жиынға келген ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қоры жанындағы Экономика және саясат институтының Қытай жобасында бөлім меңгерушісі Руслан Изимов аталған форумның маңыздылығына тоқталды.

"Біріншіден, бұл - Қытай мен Орталық Азия арасындағы қатынаста өзінің тиімділігін дәлелдеген платформа (Форум - авт.). Биыл жетінші рет өтіп жатыр.  Бірнеше алаңның ішіндегі ең ерекше алаң деуге болады. Мұнда Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімізбен экономика, саясат, қауіпсіздік тағы басқа салалардағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылай аламыз", - деді маман.
Сарапшы бүгінгі форумда талқыланатын жаңа бағыт туралы атап өтті. 
"Биыл ұйымдастырушылар бірнеше жаңа бағытты қосқан. Оның ішінде Бэйдоу спутник навигация жүйесін енгізу бар. Олар осы салада ынтымақтастық орнату туралы идеясын ұсынып отыр. Бүгін тыңдаймыз. Біз үшін перспективалық сала және мұны бізде де қолданудың тетіктерін қарастырып көруге болады... Бэйдоу мен үшін де жаңа жоба болып тұр. Қытайда қолданылып жатыр. Яндекс навигатор, Google Maps сияқты. Бэйдоу арқылы кішігірім нысандарды анық көруге болады. Қазір Қытай тарапы міне осы жүйені Орталық Азияда қолдануды ұсынып отыр", - деді форумдағы Қазақстан өкілі.
Руслан Изимов Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы қысқаша айтып берді.
"Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа қысқаша тоқталар болсам, жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайда болды және 10-нан астам екіжақты келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Қытайға деген позициясының айқын көрінісі деуге болады...
Біз Қазақстан өкілі ретінде форумда өзіміздің позициямызды жеткізуіміз керек. Қазір Қытай Қазақстанның №1 сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың сауда айналымы 11,7 млрд долларға жетті. Биыл да сауда айналымы жақсы қарқынмен келеді. Біз үшін стратегиялық маңызды серіктес. Тек энергетика, сауда саласында ғана емес, инфрақұрылым, логистика т.б. салаларда ынтымақтастық дамыту қарқынды жүріп жатыр", - деді Руслан Изимов.
Форум аясында талқыланған 4 сессия бойынша қатысушылар консенсусқа келді.

20191018_055038.jpg

Табиғи бай ресурстарды, үлкен нарықтарды, ғылыми-техникалық және инновациялық потенциал, аймақтағы басқа да үлкен мүмкіндіктердің барлығы, сонымен қатар сауданың көптарапты жүйесін сақтаудың және ашық типтегі әлемдік эконо
мика қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып, "Қытай - Орталық Азия" форумы Жібек жолы экономикалық белдеу мен XXI ғасырдың Теңіз жібек жолы аясында халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді, Қытай мен Орталық Азия, Кавказ (Оңтүстік Кавказ), ASEAN елдері арасындағы өзара түсіністік пен өзара ынтымақтастықтың тиімді платформасын құруды, теңдік, ашықтық, өзара тиімділік және жалпы жеңіс негізінде аймақтың жалпы тұрақты дамуына үлес қосуды көздейді.

Форум қатысушылары электрон коммерция жылдам дамуының негізінде халықаралық сауда ынтымақтастығы өте тиімді әрі ыңғайлы болады деп есептейді. Бұл халықаралық логистиканы жаһандану және ақпараттандыруға, жаңа функциялармен толықтыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, форумда "Қытай (Гуанси) - Орталық Азия" мультимодалдық тасымал альянсын құру бастамасы көтерілді. Халықаралық логистика саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және ASEAN елдері арасында құрғақ және теңіз жолы тасымалының ауқымды логистикалық жүйесін құру үшін "Қытай (Гуанси) - Орталық Азия " логистикалық паркін құру мүмкіндігі талқыланды. 

Сондай-ақ, қатысушылар мобильді құрылғылардың үлкен сұранысы және 5G технологиясын пайдалану – интернет мүлдем бөлек заманға қадам басып, жаңа әлеуметтік өзгерістер раундын бастайды деп есептейді.  Осы орайда ақылды қала аясында "Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының желісін" құру ұсынылды. Бұл жоспарлаудағы, ақылды қаланы дамытудағы саяси қамтамасыз етудегі жақсы тәжірибемен алмасу, экономикалық өсу, қалалық басқару және әлеуметтік салаға баса назар аудару, үнемі ақылды қала құруды насихаттау және цифрлық Жібек жолын бірлесе құруды көздейді.

Форум делегаттары "Бүкіл адамзат игілігі үшін әлемге қызмет көрсету" принципі негізінде әзірленген "Бэйдоу" спутник навигация жүйесі басқа спутник навигация жүйелеріне жақсы бейімделген және транспорт, логистика, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, мал және балық шаруашылығы, ақылды қала, метеорологиялық бақылау, табиғи апаттардың алдын алу және зардабын жою, қоғамдық қауіпсіздік, жаппай пайдалану және т.б. салаларда кеңінен пайдалануға болады деген ортақ пікірге тоқталды. Осыған байланысты технологиялармен алмасу, ортақ зерттеу, Қытай спутник навигация жүйесінің даму нәтижесі барлығына қолжетімді болу үшін салалық дамудағы ортақ жоспар әзірлеуді тереңдету мақсатында Орталық Азия елдерімен спутник навигация жүйесін қолдануды кеңейту бойынша жобаны іске асыру бастамасы көтерілді.

20191018_055105.jpg

Бұдан бөлек, қатысушылар қоғамның дамуы мен прогресін ынталандыруда әйелдер қозғаушы күш екеніне тоқталды. Қытай 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарын орындау, әйелдерді барлық салада дамыту, гендерлік теңдікті сақтау үшін қоғам мен отбасында әйелдердің рөлін толық айқындау үшін Орталық Азия елдерімен достық алмасулар мен тәжірибелік ынтымақтастықты нығайтуға дайын. Осы орайда Орталық Азия мемлекеттерінің әйелдері өзара оқу, тәжірибе алмасу мақсатында Орталық Азия елдерінде арнайы орталық ашуды ұсынды. 

Форумда көтерілген мәселелерді қорытындылай келе қатысушылар "Бір белдеу, бір жолды" дамыту мақсатында ынтымақтастық нығайту және инновацияларды ынталандыруға дайын екенін жеткізді. Тараптар форум нәтижесінде қол жеткізген келісімдерді толық орындауға ниетті.

Кеше форумның алғашқы күні аясында Наньнинге экспортталатын қазақстандық өнім көрмеге қойылды.

Өзгелердің жаңалығы