"Беверли-Хиллз" жалғасы Fox тарихында рекорд орнатты

13 Тамыз 2019, 20:55
1293
Бөлісу:
"Беверли-Хиллз" жалғасы Fox тарихында рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сериалдың жалғасы 7 тамыздан бастап көрсетілді. Теледидар алдында 6,1 млн көрермен жинады.

1990 жылдары танымал болған "Беверли-Хиллз, 90210" сериалының жалғасы көрсетілім жағынан рекорд орнатты. Бұл екі жыл ішінде америкалық телеарнадағы ең жоғарғы рейтингі бар дебют болды. Бұл туралы Рeople сайтына сілтеме жасап korrespondent.net хабарлады.

Бұдан бөлек сериал Fox тарихында экран алдына 6,1 млн адам жинап танымалдығы жағынан көш бастады. Hulu және Fox Now стриминг-сервистерінде рекордтық көрсеткіштегі аудиторияны жинады.

Телевизиялық шоудың қайта көрсетілімі сериалдың жалғасы іспеттес. Телехикаяда бұрынғы актерлар ойнайды, тек 2019 жылдың наурыз айында қайтыс болған Люк Перри ғана картинада жоқ.

Алғаш рет сериал экранға 1990 жылы шыққан болатын. Ал оның соңғы эпизоды 2000 жылдың мамырында көрсетілді.


Өзгелердің жаңалығы