Бас жаңалықтар
Бетпердені қымбат сатып, қолдан жоқшылық жасағандар жауапқа тартылады
28 Қаңтар 2020, 14:22 419

Бетпердені қымбат сатып, қолдан жоқшылық жасағандар жауапқа тартылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы халқын дүрбелеңге түспеуге шақырамын, көп бетперде алудың қажеті жоқ, 4-5 данасын алсаңыз жеткілікті. Жалпы үрейге берілетін негіз жоқ.  Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қазір халық коронавирустан үрейленіп дәріханадағы бетперделерді көптеп әкетіп жатқан көрінеді. 
Адамдар тіпті медицина қызметкерлеріне арналған М-95 бетпердесін іздеп жүр. Ол вирус жұқтырған адаммен тікелей жұмыс істейтін мамандарға арналған. Сондықтан жалпы халық үшін ондай бетпердені киюдің қажеті жоқ. Барлығына арналған бетперденің өзі де көп вирустан сақтайды, тек әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отырса болғаны, - дейді ол.  
Сондай-ақ, ол қазіргі күні Алматыда бетперде жеткілікті деңгейде екенін жеткізді. Кеше қаладағы дәріханаларға мониторинг жүргізгенде олардың қолында 1,5 млн бетперде бар екені анықталған. 
Бұл жеткілікті, алайда халықтан бетпердені көптеп алып дүрбелеңді қолдан жасап алмауға шақырамын. Сонымен қатар, кейбір адамдар бағасын шарықтатып сату үшін бетпердені молынан алуы мүмкін. Бұған дейін қалада менингок тараған кезде сондай жағдай болған. Алайда халық арасында әдейі дүрбелең туғызып, ақша жасауды көздейтіндер жауапқа тартылады. Кеше ондай жағдайдың болғаны анықталды, яғни медициналық не дәріханалық емес мекеменің көп мөлшерде бетперде сатып алғаны белгілі болды, - деді А. Молдағасымова.



Фото: автордан
Загрузка...