Бетперде тағудан бас тартқан адам - автобустан түсіріледі

26 Мамыр 2020, 19:24
1557
Бөлісу:
Бетперде тағудан бас тартқан адам - автобустан түсіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Sity Transportation Systems" Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов және автобус парк басшылары бетперде тағу рижімін жолаушылар қалай сақтайтынын тексерді. 

10 мамырдағы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге болмайды. Тексерушілер таңғы сағат 7:30-дан бастап "№65 мектеп-гимназиясы" аялдамасынан "Министрліктер үйі" аялдамасына дейін жүріп өтті. 

Қоғамдық көлік жүре бастаған күннен біздің қызметкерлеріміз тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жүргізіп те келеді. Автобус парк басшыларымен бірге қоғамдық көлік ішінде бетперде тағу керектігін біз де түсіндіреміз. Бетпердесі жоқ жолаушыларға қоғамдық көлікке кіру үшін бетперде тараттық. Дерттің таралу қауіпі сақталады, сол себепті бетперде тағу қажет. Бұл Сіздің өзіңізге және жақындарыңызға қорғануға мүмкіндік береді - дейді Бекмырза Игенбердинов.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылар көп жиналатын аялдамаларда күнделікті бақылау жүргізеді. Қоғамдық көліктегі карантиндік шаралардың сақтау ережелері туралы жолаушыларға түсіндіреді, бетперде тағудан бас тартқан адам болса, автобустан түсу сұралады. Бір қызметкер 80-120 автобусты тексереді.   

Сонымен қатар көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көліктегі төлем жасуды тексеру жүмыстарын күшейтеді. Жол жүру үшін төлемді қолма қол қаржысыз жүргізу сақталады. Ол үшін көліктік карты және төлем жасаудың балама түрлері бар. Ол SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар.  

Автобус ішінде бетпердесіз отырған 2-3 жолаушы болды. Алайда біз ескерту жасаған кезде, қалталары мен сөмкелерінен бетперде алып шығып тақты. Бетпердені иегіне тағып алғандар да кездесті. Оларға бетпердені дұрыс тағу туралы түсіндірдік. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары бетперденің қажеттілігін, жалпы эпидемиялогиялық жағдайды жақсы түсінеді деуге болады.  Автобус ішінде бетперде тағып отырған адамды көріп, қуанасың, яғни олар өзінің және айналасындағылардың денсаулығына жауаптылықпен қарайды. Өйткені бұл жалпы алғанда барлығымыздың денсаулығымыз - дейді №4 автобус паркінің директоры Нұрлан Абеев.

Карантин енгізгенге дейін жолаушылар ағыны күніне 700 мыңнан астам болса, ал бұл күндері 300 мыңнан асады.

Өзгелердің жаңалығы