Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасын ластағандарға айыппұл салынады

10 Тамыз 2020, 09:00
2781
Бөлісу:
Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасын ластағандарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігі осы демалыста жергілікті әкімдік пен ІІМ-мен бірге адамдар демалатын жерлерге рейд жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Су қоймасына еліміздегі ең бір таза өзеннің бірі – Сілеті ағып келеді. Ал Бестөбе шатқалы астанадан шамамен 200 шақырым. Адамдар осында демалуға келген туристер қалдыратын қоқысқа, олардың табиғатқа тағылықпен қарауына, белгіленбеген жерде шомылатынына шағым айтуда.
Біз демалып жатқандармен әңгіме жүргізіп, қоқыстарды жинадық. Егер бәріміз бірге тәртіпке келтіру шараларын қабылдамайтын болсақ, ертең демалатын таза жер қалмайды. Тұрғындардың арасындағы түсіндіру жұмысын құрамында 1,5 млн бала бар "Жас ұлан" жастар ұйымының жас көмекшілерінің жәрдемімен жүргіземіз. Біздің табиғатты аялау туралы дәрісімізді естіген балалар үйге келген соң, ата-аналарының да қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауын өтінеді, - дейді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров.
Экология министрлігі кезекті рет ел азаматтарын табиғатта демалудың қарапайым қағидаларын сақтауға, соңынан қоқыс қалдырмай, алып кетуге, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Әйтпесе мемлекет экологиялық заңнаманы бұзушыларды қатаң жазалау шарасын қолдануға мәжбүр болмақ. Сонымен қатар қазақстандықтардың басқалардың да табиғатқа зиян келтірулеріне бей-жай қарамауға, ондай жағдай туралы министрліктің жедел желісіне хабарлауын өтінеді.

Өз кезегінде, Экология министрлігі адамдар демалатын жерлерге, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарға қоғамдық рейд жүргізуді жалғастыра береді.
Өзгелердің жаңалығы