Бас жаңалықтар
ШҚО-дағы Бесқарағай ауданына 500 млн теңге инвестицияланады
09 Ақпан 2019, 10:52 682

ШҚО-дағы Бесқарағай ауданына 500 млн теңге инвестицияланады

Фото: ult.kz

Астана, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Бесқарай ауданының әкімімен есепті кездесуде 2019 жылы ауданға шамамен 500 млн теңге инвестициялау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Сонымен қатар, ол халыққа жатақхана құрылысына 250 млн теңге бөлінетінін, осы жылы жолдарды жөндеуге 80 млн теңге қарастырылғанын жеткізді. 

«50 млн теңгеге аудан орталығын абаттандыру және жолына асфальт төсейміз. Қосымша тағы қаражат бөлеміз. 120 млн теңге жергілікті колледжді жабдықтандыруға қарастырылып отыр», - деді Даниал Ахметов. 

Кездесу барысында аудан тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жоқтығына, жұмыссыздыққа шағымданды. 

Облыс әкімі аудан тұрғындарына жұмысқа орналасу бойынша көмектесуді тапсырды, сондай-ақ, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін жүргізу үшін алдымен жобалық-сметалық құжаттама әзірленуі қажет екенін ж»әне содан кейін ғана қаражат бөлінетінін айтты.

Сізден жаңалық