Ет пен жайма, бургер немесе суши: Өңірлерде қандай тағамға жиі тапсырыс береді?
24 Қазан 2021, 11:56 449

Ет пен жайма, бургер немесе суши: Өңірлерде қандай тағамға жиі тапсырыс береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия өмірдің көптеген аспектісіне, соның ішінде тамақ өнеркәсібіне өзгерістер енгізді. Қазақстандықтар түрлі жеткізу сервистерінің көмегімен тағамға онлайн тапсырыс бере бастады. Осындай қызметтердің бірінде адамдардың қандай тағамдарға жиі тапсырыс беретінін байқайық.

Ең көп тапсырысты негізгі тағаммен бірге жейтін таба нанға береді екен. Сөйтіп нанымыз бірінші орынға шығып тұр.

Қазақстандықтар сондай-ақ бестің шайы\жүрек жалғап алғанды жақсы көреді, нагетс пен фри картобына тапсырыс жиі береді екен. Осы екі тағам рейтингте екінші орында тұр.

Үшінші орында жергілікті және әлемдік мейрамхана желілерінен тапсырыс беріп алдыртатын бургер тұр. Сондай-ақ пепперони, маргарита пиццасы, донер, айран, манты және капучино да үшінші орынға жайғасты.

Алматылықтар нені таңдайды?

Walt компаниясының деректері бойынша, екі жыл ішінде қалада жүздеген мың тапсырыс жасалған, олар ел бойынша тапсырыстардың жалпы санының басым бөлігін құрайды. Тапсырыстардың көпшілігінде негізгі тағамдарға гарнир ретінде фри алдыртады, сондықтан ол танымал тағамдар рейтингінде бірінші орында тұр.

Алматыда донерлар де сұранысқа ие тағам. Сондықтап жалпы топ бойынша екінші орынға жайғасты. Үшінші орында тандыр нан. Қала тұрғындары арасында сұранысқа ие тағамдардың қатарына Пепперони пиццасы мен наггетс кіреді.

Елордада қандай тағамдарға тапсырыс береді?

Елордалық танымал тағамдардың рейтингі алматылық тағамдардан айтарлықтай ерекшеленбейді, бірақ бургер үшінші орында. Капучино - тұрғындардың сүйікті сусыны. Оған қызметтің әрбір бесінші пайдаланушысы тапсырыс береді. Пепперони пиццасы бесінші орында тұр.

Шымкенттіктер нені жақсы көреді?

Танымал тағамдар рейтингінде бірінші орында фри картобы орналасқан. Цомян лағман - ет пен көкөністер қосылған қуырылған үй кеспесі қалада үлкен сұранысқа ие. Әрі қарай тізім бойынша филадельфия сушиі, манты және кебаб тұр.

Атыраулықтар неге тапсырыс береді?

Бұл өңірде де танымал тағамдардың көш басында фри картобы тұр. Атыраулықтар мантыға тапсырысты жиі береді екен, сөйтіп ол екінші орынға жайғасты. Жиі тапсырыс берілетін тағамдар қатарына хинкали кірді. Келесі тізімге  цомян лағманы және латте кофесі кірген.

Қарағандылықтар нені жақсы көреді?

Қарағандылықтардың сүйікті тағамдарының үздігі - бургер. Бургерге қызметті пайдаланушылардың 20%-ы тапсырыс береді. Көбі комбо бургерге тапсырыс береді екен. Екінші орында фри картобы тұр.

Мантыға қарағанда қарағандылықтар қуырылған тағамдарға көбірек тапсырыс береді екен. Олар хот-дог пен қуырылған тауық етіне тапсырысты жиі береді екен.



Фото: дереккөз
Загрузка...