Бес жасында 550 кг ет беретін «Барон»

6 Қазан 2019, 13:41
5101
Бөлісу:
Бес жасында 550 кг ет беретін «Барон»
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі жылқы көрмесіне жылқы тұқымының оннан астам түрі қатысып жатыр.

Көрмеге қатысушы жылқылардың ішінде ерекше көзге түскендері, әрине, ахалтеке тұқымды жылқылар болғанын ешкім жасыра алмады. Осы бір ерекше жаратылыстың сұлулығына тамсанбаған көрермен жоқ.

Дегенмен Владимир жүк жылқысы бүгінгі көрменің айрықша атап өтер қатысушысы болды.

Кеңес үкіметі кезінде ауыр жүк тасу үшін будандастыру арқылы алынған бұл жылқы түрінің ең мықтысы 22,3 тонна жүк сүйреткен болатын.

Бүгінгі көрмеге қатысқан «Барон» есімді қара қасқа айғыр қазірдің өзінде 5 жаста болса да, тірі салмағы жарты тоннадан асады. Қазақстанда ет бағытында ғана бағуға болады. Дегенмен қазақы жылқының қазысына қайдан жетсін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда елімізде алғаш рет жылқы көрмесі өтіп жатыр.

Мұнан бөлек Алматыдағы атқа міну клубтарының таныстырылымы мен хобби түріндегі жылқы сату бәссаудасы ұйымдастырылады.

Көрмеге келушілер Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін таза қанды мініс жылқылары мен ахалтекелер арасында өтетін ұшқыр бәйгенің куәсі бола алады.

Жеңімпаздарға арнайы жүлде беріліп, сыйлықтармен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы