Бес партия да онлайнға емес, жүзбе-жүз кездесуге басымдық берді – Өркен Кенжебек

10 Қаңтар 2021, 19:11
1759
Бөлісу:
Бес партия да онлайнға емес, жүзбе-жүз кездесуге басымдық берді – Өркен Кенжебек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Блогер, белгілі журналист Өркен Кенжебек «SAILAU TALKS 2021» сараптама алаңында осы жолғы сайлауда партиялардың барлығы желінің мүмкіндігін ұтымды пайдаланғанын атап өтті. 

Дегенмен үгіт-насихат жүмыстарын жүргізуді эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн өткізуге себеп көп болса да, олар халықпен жүзбе-жүз кездесуге басымдық берді, - деді ол.

Оның айтуынша, көптеген сарапшы биыл насихат жұмыстары онлайн өтеді деп болжаған болатын.

Жалпы елімізде 18 миллион халық бар. Ал тіркелген телефон симкарталарының саны 26 млн. Бір адамда бірнеше нөмір бар деген сияқты. Олардың 14 миллионы белсенді қолданушылар. Осының өзі жұмыстарды онлайн форматта өтуге негіз еді. Алайда желі мен интернет мүмкіндігін партиялар тек 30-40 пайызға пайдаланды. Оффлайн кездесулерге мән беріліп, аймақтық деңгейде дебаттың өтуі үлкен жетістік, - деді ол.

Сондай-ақ Өркен Кенжебек партиялар осы жолы желіде ұятқа қалатындай мем жасаған жоқ, керісінше қолайсыздық тудырған, боран сияқты жағдайлардың өзін «ештеңеге қарамай сіздермен жүздесуге келеміз» деген сыңайды ұтымды пайдалана алды.

Бес партияның да «Аймақ - күш түгел» концепциясын қолданып, өңірдің даму - елдің дамуы деген пікірді ұстанғандарын атап өтуге болады. Сонымен қатар бұрын насихат жұмыстары әдетте үлкен залдарда өтетін, осы жолы партиялар құрылыс басына барып, базардағы жұртшылықпен араласып жұмыс жүргізгені де жаңаша бет бұрыс, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы