Бес баласын өлтірген анаға сот үкімі шықты

5 Қараша 2021, 20:45
807
Бөлісу:
Бес баласын өлтірген анаға сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия соты бес баласын өлтірген ананы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды РИА Новости ДПА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпан айының соңында Вупперталь прокуратурасы қылмыс жасаған ананы бес баланы өлтірді деп айыптады.
Қайғылы оқиға өткен қыркүйекте Германияның Солинген қаласында болған.

Прокурордың айтуынша, алты баланың анасы 28 жастағы әйел бес баласына есірткі беріп, кейін оларды тұншықтырып өлтіріп, сосынсуға батырып өлтірген. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел әлеуметтік желіде күйеуінің басқа әйелмен түскен суретін көріп, жігітке балаларды енді ешқашан көрмейтінін айтып қорқытқан соң қылмысқа барған.

Балалардың мәйіті төсегінен табылды. Әйел белгісіз біреудің пәтерге кіріп, оны байлап, хабарлама жазуға мәжбүрлеп, балаларды өлтіргенін айтты. Сот-медициналық сарапшылар әйелде ауыр психикалық ауру белгілерінің жоқтығын растады. Әйелдің адвокаты оны ақтауды талап етті.

2020 жылдың 3 қыркүйегінде неміс полициясы Солингендегі көпқабатты үйдегі пәтерден бес баланың мәйітін тапты. Олардың анасы, Германия азаматы, алтыншы баласы, 11 жасар ұлын алып Дюссельдорфтағы вокзалда өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйел ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, бала зардап шекпеді.

Қайтыс болған балалар бір мен сегіз жас аралығында болған.



Өзгелердің жаңалығы