Бас жаңалықтар
Бес қалада ауа сапасы нашарлайды
02 Желтоқсан 2019, 08:33 1452

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 желтоқсанда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Дүйсенбіде атмосфералық ауа сапасы Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Талдықорған және Өскемен қалаларында нашарлайды. Ал Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Тараз және Шымкентте ауаның ластануы күтілмейді, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...