Бермуд аралдарының халқы жарықсыз отыр

20 Қыркүйек 2019, 19:32
2244
Бөлісу:
Бермуд аралдарының халқы жарықсыз отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бермуд аралдарында Умберто дауылы тұрып, арал тұрғындары электр энергиясынсыз қалды. Қатты жел салдарыннан 27 мың ғимаратта жарық сөніп қалған, деп хабарлады Хабар 24.

"Бұл деректерді аралдың энергетикалық компаниясы жариялады. Умберто дауылының жылдамдығы сағатына 190 шақырымды құрап, үшінші санатқа жеткен. Жергілікті билік тұрғындарды абай болуға шақырды. Әуе рейстері кейінге қалдырылды. Ал Бермуд астанасы Гамильтонда тұрғындар үйлерінің терезесін бекітіп тастады. Соңғы уақытта Атлантика дауыл мен құйындардан көз ашар емес", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы