Берлин кинофестивалінің үздік фильмі белгілі болды

17 Ақпан 2019, 13:51
1587
Бөлісу:
Берлин кинофестивалінің үздік фильмі белгілі болды

Астана, BAQ.KZ.  Халықаралық Берлин фестивалінің басты жүлдесі - "Алтын аюға" режиссер Надав Лапидтің "Синонимдер" фильмі ие болды. Бұл туралы  марапаттау салтанатында қазылар алқасының төрағасы  Жюльет Бинош мәлімдеді. 


Картинада жас израильдік қыздың өз елінен кетіп, нағыз француз болғысы келетіні бейнеленген. Осыған дейін бұл фильмді ФИПРЕССИ халықаралық киносыншылар қауымдастығы да бағалаған болатын.   Режиссер бұл картинасын түсірілім кезінде қайтыс болған анасына арнаған. 

"Бұл марапат мен көп нәрсені білдіреді. Мұндай марапатты күтпедім", - деді режиссер. 

Берлин кинофестивалі Германия астанасында 7 ақпаннан бері өтті және конкурсқа 16 картина қатысты.
Өзгелердің жаңалығы