Бас жаңалықтар
Берік Уәли коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
20 Сәуiр 2021, 16:36 313

Берік Уәли коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған суретіне қарағанда ол «Спутник V» вакцинасын салдырған.

Ем болсын! - деп қысқа қайырды Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Еске салсақ, 6 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник V» вакцинасын салдырғаны хабарланды.


Фото: дереккөз
Загрузка...