Берік Уәли: Ел көңілін көтеріп, еңсесін тіктеуге септесер ұлағатты іс екеніне еш шүбә жоқ

4 Сәуір 2020, 17:20
2129
Бөлісу:
Берік Уәли: Ел көңілін көтеріп, еңсесін тіктеуге септесер ұлағатты іс екеніне еш шүбә жоқ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында ел көңілінен шығып жатқан "Карантиндегі жұлдыздар" жобасына атсалысқан өнер жұлдыздарына алғысын білдірді.

Оның сөзінше, Қазақстанға келіп жеткен жұқпалы дерт халықтың бірлігін бекемдей түсті. 

Тұтқиылдан келген аты жаман індет бірлігімізді бекемдей түскендей. Елдігімізге, халқымыздың ауызбірлігіне күнде куә болып отырмыз. Шүкірлік етеміз, - деп жазды ол.
92167705_2726292157494199_358962234044448768_n.jpg

Сөз арасында ол Мәдениет және спорт министрлігі қолға алып отырған "Карантиндегі жұлдыздар" жобасын ұйымдастырған ұжымға алғысын білдірді.

Мемлекеттік мекемелер де қал-қадірінше елге ізгі қызмет қылуға тырысып жатыр. Сондай игі істің бірі - Мәдениет және спорт министрлігі қолға алып отырған "Карантиндегі жұлдыздар" жобасы. Дәл қазіргі уақытта нағыз халыққа керек, елдің көңілін көтеріп, еңсесін тіктеуге септесер ұлағатты іс екеніне еш шүбә жоқ. Осындай ел көңілінен шығып жатқан жобаны ұйымдастушы министрлік ұжымы мен өнер жұлдыздарына алғыс айтамыз. Жоба жемісті болып, алаңдаулы ағайынның көңілін демегей!, - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.



Өзгелердің жаңалығы