Бас жаңалықтар
Берік Имашев сайлау комиссиясының отырысына неге келмеді?
24 Маусым 2021, 11:13 2102

Берік Имашев сайлау комиссиясының отырысына неге келмеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында белгілі болды.

Комиссияға ОСК-ның 6 мүшесі қатысып отыр. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болғаны үшін отырысқа келмеді.

Берік Мәжитұлы вакцинаның екі компонентін де алды. ПТР-сынама теріс шықты. Өзін жақсы сезінеді. Коронавирустың симптомдары анықталған жоқ. Ол қашықтан жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі бұқаралық отырыс болғандықтан және санитарлық шектеулерге қатысты бүгінгі отырысқа келмеді,- деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Петров бүгінгі отырыстың күн тәртібімен таныстырып өтті.

Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу бойынша заңға 24 мамырда қол қойды. Елде қазір 2 346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілген соң, олар дауыс беру арқылы сайланады. Жыл соңына дейін 775 әкімді сайлау жоспарланған, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...