"Берекелі отбасы" республикалық байқауы жарияланды

9 Сәуір 2020, 20:42
3859
Бөлісу:
"Берекелі отбасы" республикалық байқауы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Берекелі отбасы" атты республикалық ашық отбасылық байқау жариялады.

Жалпы мәлімет

"Берекелі отбасы" атты байқау республикалық ашық отбасылық байқау болып саналады;

Байқау үш турдан тұрады;

Байқау 2020 жылдың 9 мен 30 сәуір аралығында өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Отбасылық құндылықтарды насихаттау;

Дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау;

Қасиетті Рамазан айына дайындық.

Байқауға қатысу талаптары:

Байқауға Қазақстан аумағында тұратын кез-келген отбасы қатыса алады;

Байқауға қатысуға ниетті әр отбасы ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтындағы байқау ережесімен танысып, осы жылдың 17 сәуіріне дейін berekeli-otbasy@mail.ru поштасына жазбаша өтінім жолдауы қажет (өтінімді жүктеу).

Сондай-ақ, ереженің 4-тармағына сәйкес І, ІІ, ІІІ турға қатысатын отбасылық еңбектерін осы жылдың 17 сәуіріне дейін отбасы мүшесінің бір инстаграм парақшасына ғана жүктелуі керек;

17-30 сәуір аралығында әр отбасының өз парақшаларына #берекеліОтбасы хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктелген материалдары көрермен назарына ұсынылады, ең көп лайк жинаған отбасы жеңімпаз атанады.

Байқаудың өту тәртібі:

І-тур – "Менің отбасым":

Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптармен сүйемелденген 2-3 минуттық видео арқылы өздерін, отбасының ерекшеліктерін таныстырып, инстаграмға #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктейді;

"Берекелі отбасы" тақырыбында отбасының ортақ бір суретімен отбасы құндылығы мен шаттығы туралы пост жазып, жариялап, #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграм парақшасына жүктейді.

ІІ-тур – Үй тапсырмасы:

Отбасы атынан баланың қолымен "Біздің сүйікті мешітіміз" атты сурет салып, қысқаша сипаттамасын (қай жерде орналасқан, неше адамдық, аптасына неше рет барып тұрасыздар, осы мешітпен қандай қызықты сәттер байланыстырады т.б жазып, #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;

Отбасы мүшелерінің Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен кезектесіп үзінді оқу көрінісін (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;

ІІІ-тур – Берекелі Рамазан:

Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен "Жарапазан" айтып (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы3тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді.

Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:

Отбасы мүшелерінің инстаграм парақшасына жүктелген еңбектерінің көрермендер көзайымына ие болып, ең көп лайк жинаған қатысушы отбасы жеңімпаз болып табылады;

І орын алған отбасыға (4 адамға) отандық шипажайға жолдама;

ІІ орын алған отбасыға тоңазытқыш;

ІІІ орын алған отбасыға үлкен плазмалық теледидар;

Сондай-ақ, 5 отбасыға ынталандыру сыйлығы беріледі.

Қосымша мәліметтер алу үшін

+7 (7172) 999-866, berekeli-otbasy@mail.ru.

 

Өзгелердің жаңалығы