«Берекелі баспана» бағдарламасы аясында 298 елордалық үйлі болды

21 Тамыз 2019, 18:46
2302
Бөлісу:
«Берекелі баспана» бағдарламасы аясында 298 елордалық үйлі болды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен баспана кезегінде тұрған елорда тұрғындарына пәтер кілттерін табыстады. 

Бұл жалдамалы тұрғын үй Нұр-Сұлтан әкімдігінің кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына «Берекелі баспана» бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз берілді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әкімдік тарапынан жасалып жатқан іс-шараларға тоқталып, тұрғын үй құрылысына атсалысқан мердігерлерді де атап өтті.

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.36.52 (1).jpeg

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, ардақты достар, баршаларыңызды шын жүректен қуаныштарыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Мен арнайы жаныма мердігерлерді алып шығып отырмын. Себебі, бұл жалғыз ғана әкімдіктің күшімен ғана салынған жоқ. Жалпы, бұл мердігерлердің күшімен салынған үй», - деді ол.

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.37.29 (1).jpeg

Әкім орынбасарының сөзінше, елордада тұрғын үй кезегіне 47 мыңнан астам адам тұр.

«Елбасымыздың әлеуметтік саясатының жалғасы ретіндегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сіздерге арналған арнайы пәтерлерді табыстап жатырмыз. Бұл - біздің әлеуметтік саясатымыздағы басым бағыттардың бірі. Енді алда да үлкен мақсаттар бар. Біздің қаламызда қазір 47 мыңнан астам әр санаттың азаматтары кезекте тұр: мүгедек адамдар, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар, ҰОС ардагерлері және жетім қалған балалар. Сондықтан да бәріне баспана өзінің кезегімен беріледі», - деп атап өтті Бақтияр Мәкен.

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.36.50.jpeg

«Міне он жылдан астам уақыт бойы үміттеніп, күттіңіздер. Енді қуанышты уақыттың сәті түсіп тұр. Әрі қарай да біз әлеуметтік саясаттағы көптеген мәселелерді қарастырамыз. Жақында ғана Нұрлы Ертіс бағдарламасы аясында Екібастұз қаласына бірнеше отбасы қоныс аударған болатын. Енді міне өзіміздің Нұр-Сұлтан қаламызда сіздерге арнап үй табыстап жатырмыз. Қоныстарыңызбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Кішкентайларыңыздың қызығын көріңіздер! Шаңырақтарыңыздан әрдайым жақсылық кетпесін. Берекелі ел болып, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп сөзін қорытындылаған әкім орынбасары тұрғындарға кілтті табыстай бастады.

Баспана кезегін 10 жыл бойы күткен зейнеткер Оразалина Бөпежан әже осы күнді қаншама жыл армандағанын айтты.

WhatsApp Image 2019-08-21 at 15.24.04.jpeg

«Мен баспана кезегіне 2009 жылы тұрдым. Содан бері үмітімді үзбей, Алладан тілеп келдім. Осы күнге де жетіп, міне баспаналы болып жатырмыз. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын! Үйді көріп шықтық. Бәрі ұнады. Әрбір шаңыраққа осындай қуаныш берсін!», - деп атап өтті Бөпежан апа.

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.36.50 (1).jpeg

Пәтерге қол жеткізген тұрғындардың бірі - Арайлым Салиқова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Алтай Көлгіновке алғыс айтты.

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.37.29.jpeg

«Мен 12 жыл бойы осы армандаған пәтеріме қол жеткізіп отырмын. Біздің президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Алтай Сейдірұлы Көлгіновке алғысымды білдіремін. Бүкіл халқымды құттықтаймын. Пәтерлерімізді көзіміздің қарашығындай сақтаймыз! Рақмет сіздерге!», - деді қуанышын жасырмаған пәтер иесі.

WhatsApp Image 2019-08-21 at 15.40.22.jpeg

Бүгін кезекте тұрғандардың арасында көпбалалы отбасыларға 150 пәтер, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататындарға 148 пәтер үлестірілді.

Айта кетейік, «Берекелі баспана» сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы тұрғын үй бойынша қалалық бағдарлама аясында құжаттар 6 тамыз мен 12 тамыз аралығында қабылданды. Аталмыш бағдарламаға әлеуметтік жағынан осал санат бойынша кезекте тұрған азаматтар құжат тапсырды. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасылар, кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiне шалдыққан адамдар, жасына қарай зейнетке шыққан зейнеткерлер, жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар, толық емес отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар  салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары болды. 

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.36.52.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.36.53.jpeg

«Берекелі баспана» бағдарламасы арқылы берілген 6 қабатты тұрғын үйдің пәтерлері бастапқы жарнасыз, таза әрленген күйі берілді. Тұрғын үйдің алдында балаларға арналған жаңа ойын алаңы да салынған. 

WhatsApp Image 2019-08-21 at 16.37.30 (1).jpeg


Өзгелердің жаңалығы