Бас жаңалықтар
Бензин акцизін өсіру жөніндегі бұйрық әлі күшіне енген жоқ – вице-министр
06 Желтоқсан 2019, 16:03 1676

Бензин акцизін өсіру жөніндегі бұйрық әлі күшіне енген жоқ – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бензин акцизін өсіру жөніндегі бұйрық әлі күшіне енген жоқ. Қазір экономика министрлігі сол бұйрықтың жобасын дайындап жатыр. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, экономика министрлігі аталған бұйрықтың жобасын дайындап, бүкіл министрліктерге қолдау үшін жіберген.
Бұйрық күшіне енетін болса 1 қаңтардан бастап іске асады. Экономика министрлігінің болжамынша, бұл бензиннің өсуіне және коммуналдық қызметтрдің өсуіне айтарлықтай әсер етпеу керек, - деді вице-министр. 
Сонымен қатар, ол еліміздегі мұнай өндіру ахуалына тоқталып, қолқа алынған жобалар жайлы айтты.
Қазір үш ірі жоба іске асырылуда. Мұнай өнімнің 60% Қарашығанақ пен Теңіз, Қарашаған кен орындарымен қамтылуда. 2019 жылы осы үш кен орнында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі өндіріс жағдайы тұрақты. Осы жылы Қашаған жобасы тәулігіне 370 мың барель мұнай өндіру деңгейіне шықты. Бұл үлкен жетістік, - деді ол.
Сонымен қатар, ол ескі кен орындарында да мұнай өндіріліп жатқанын және алдағы 1-2 жылда мұнай өндіуді жылына 90 млн тонна деңгейінде ұстап тұратындарын білдірді.
Сондай-ақ алдағы уақытта Теңіздегі мұнай өндіру көлемін кеңейте түсеміз, ол жылына 12 млн тонна өнім беруге қауқарлы. Бұл жылына 100 млн тонна деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Кеңейтілетін жоба 36,8 млн долларға бағалануда. Қазіргі таңда бұл жұмыстың 72% атқарылды. Аталған жоба 2023 жылы белгілеген кесте бойынша аяқталады деп отырмыз. Осы уақытқа дейін жобаға бөлінген 28,5 млн доллар игерілді, - дейді Ә. Мағауов.
Сондай-ақ ол Қарашығанақ кен орнындағы өнімді жылына 11,5 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін оны кеңейту жобасы қолға алынғанын айтты. Бұл жоба да сәтті іске асып жатыр екен және ол 3 млрд долларға бағаланған.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...