Белградтағы бәсеке. Әзірге үш боксшымыз жеңіп, екеуі жеңілді
02 Қараша 2021, 21:00 552

Белградтағы бәсеке. Әзірге үш боксшымыз жеңіп, екеуі жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер басталды. Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов жартылай финалға өтті.

48 келіде бақ сынаған Теміртас ширек финалда өзбекстандық Нодиржон Мырзахмедовті ұтты.

Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті жерлесімізге берді. 

Нәтижесінде, Теміртас Жүсіпов әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Боксшының еншісінде кем дегенде қола медаль бар. 

Сонымен қатар, 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан ширек финалда жеңіске жетті. Ол бразилиялық Майкл Тринидадпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ал 60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі франциялық боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Софиан Умихаға есе жіберді.

Төрешілер 1:4 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абылайхан Жүсіпов моңғолиялық  Чинзоринг Баттарсухийн айқын басымдықпен, 5:0 есебімен ұтты. 

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Жақыпов италиялық Сальваторе Каваллароға жол берді. Есеп - 2:3. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Белградта 10 боксшымыз өнер көрсететінін хабарлағанбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...