Бас жаңалықтар
Бельгиямен өтетін ойынға үш футболшы көмектесе алмайды
04 Маусым 2019, 16:40 661

Бельгиямен өтетін ойынға үш футболшы көмектесе алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы 8 маусымда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгиямен кездеседі. Осы ойында Қазақстанның бірнеше ойыншысы қатыса алмайды.

Бас бапкер Михал Билек тізімді жариялағанда 24 футболшының есімін атаған. Бірақ 3 футболшы жарақаттарына байланысты Брюссельге бара алмайтын болған.

Қорғаушы Юрий Логвиненконың орнына Елдос Ахметов шақырылды. Сондай-ақ, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев пен «Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко да еліміздің бас командасының қатарынан кетті. Олардың орнына Шымкенттің «Ордабасы» командасының ойыншысы Тимур Досмағамбетов шақырту алды. Ол ұлттық құраманың қатарында бес ойын өткізген. Ал, Ғафуржан Сүйімбаевтің денсаулығы жақсарып, негізгі топқа қайта оралған. 

Айта кетейік, Қазақстан 8 маусымда Брюссельде Бельгиямен кездессе, араға 3 күн елордада Сан-Мариноны қабылдайды.


Фото: дереккөз
Загрузка...