Белгілі журналист Жанжігіт Омархан жаңа қызметке тағайындалды

29 Сәуір 2019, 18:51
5150
Бөлісу:
Белгілі журналист Жанжігіт Омархан жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, тележүргізуші Жанжігіт Омарxан «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ,баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Жанжігіт Абзалбекұлы Омарxан – журналистика, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының бакалавры, Әлеуметтік ғылымдар магистрі (журналистика).

БАҚ саласында еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасы бағдарламалар қызметінің репортеры, тілшісі ретінде бастаған.

2010-2011 жж. «Астана» телеарнасындағы «Қайырлы таң»,»Қауіпсіз жол» бағдарламаларының тележүргізушісі;

2011-2015 жж. Қазақстан ұлттық арнасында «Иман айнасы» бағдарламасының жүргізушісі;

2015-2016 жж. «Еуразия бірінші» телеарнасының «Ашығын айтқанда» ток-шоуының жүргізушісі;

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында «Астана» телеарнасындағы авторлық «Өзекті» тележобасының жүргізушісі, жетекшісі;

2018-2019 жж. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысының орынбасары;

2019 жылдың ақпанның 2-сінен бастап,  Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы қызметін атқарған.


Өзгелердің жаңалығы