Белгілі журналист Нұрперзент Домбай қайтыс болды

23 Шілде 2021, 21:54
5272
Бөлісу:
Белгілі журналист Нұрперзент Домбай қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жазушы Заря Жұманова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Жаңа ғана жаманат хабар алдық. Нұрперзент Домбай досымыз қайтыс болыпты, – деп жазды ол.
Нұрперзент Домбай 1958 жылы дүниеге келген. Соңғы қызметі – «Ана тілі» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары болды. 

Ол ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облысы Ұлытау аудандық «Ұлытау өңірі» газетінде бастады. 

Жезқазған облыстық газетінде бөлім меңгерушісі, аймақтық газеттің редакторы, «Егемен Қазақстанның» меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

2008 жылдан «Ана тілі» газетінде қызмет еткен.

Өзгелердің жаңалығы