Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды

22 Наурыз 2021, 13:13
2148
Бөлісу:
Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ұлыстың ұлы күнінде белгілі журналист, Мәдениет қайраткері Дүрәлі Дүйсебай 67 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды марқұмның жақындары хабарлады.

Дүрәлі Дүйсебай – 1954 жылы дүниеге келген. Көпшіліке танымал, қаламы қарымды журналист. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996). Қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. Одан кейін "Халық сөзі" газетінің редакторы орынбасары болды. Ал 2014 жылдан осы күнге дейін "Қазақ спорты" газетінің бас редакторы қызметін басқарды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.

Өзгелердің жаңалығы