Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті

11 Сәуір 2021, 20:44
2108
Бөлісу:
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі сәулетші, бір кездері Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болған Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті.

Б.Әшірбаев Шымкент қаласында дүниеге келіп, «сәулетші» мамандығы бойынша жоғары білім алған соң, сол жерде көп жылдар бойы сәулет пен құрылыс саласында тер төккен.

Еңбек жолын 1975 жылы Шымкенттегі «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалық институтында сәулетші болып бастаған.

1981-1999 жылдар аралығында Шымкенттің бас сәулетшісі болды.

1999 жылдан 2005 жылдар аралығында Б.Әшірбаев «Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын өткізу мен дайындығы бойынша дирекцияны» басқарды. Кейін ол ОҚО бас сәулетшісі, ОҚО әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бастап - «Оңтүстік басжоспар» ЖШС директоры.

Өзгелердің жаңалығы