Белгілі композитор Яков Хан өмірден озды

5 Қыркүйек 2021, 15:20
2485
Бөлісу:
Белгілі композитор Яков Хан өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық композитор Яков Хан дүниеден өтті. Музыканттың мезгілсіз қазасына коронавирус себеп болғаны айтылған.

Композитор артында бай шығармашылық мұра қалдырды. Қазақстандық композитор, джазмен Яков Хан дүниеден өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.

COVID ең жақсы адамдарды әкетіп жатыр. Бүгін тағы бір керемет жаннан айырылдық. Яков Ханның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Танымал музыкант, композитор, джазменнің артында бай шығармашылық мұра қалды. Түрлі жанрдағы туындылары бар. Ол көптеген жылдар бойы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблімен әріптестік байланыста болды, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы