Белгілі дипломат Вячеслав Гиззатов дүниеден өтті

29 Қыркүйек 2021, 22:43
1186
Бөлісу:
Белгілі дипломат Вячеслав Гиззатов дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрнекті отандық дипломат, Төтенше және Өкілетті Елші Вячеслав Хаменұлы Гиззатов 80 жасқа жақындаған кезде қайтыс болғаны туралы хабарлайды. 

ҚР СІМ алғашқы басшыларының құрамында ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде мемлекетіміздің сыртқы саясатын айқындауға және жүзеге асыруға тікелей қатысты. Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымында Америка құрлығы және Таяу Шығыс елдерімен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, мемлекеттік протокол қызметін дамытуға елеулі үлес қосты. Кейін Қазақстан Республикасының Иран, Германия және Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 

Вячеслав Хаменұлы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздер процестерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демаркациялау жұмыстарында маңызды рөл атқарды. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен ұжымы Вячеслав Хаменұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

Өз ісінің аса білікті маманы, мейірімді және адал дос әрі тәлімгер, жақындарының сенімді қамқоршысы, нағыз ұлтжанды азаматтың жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі қалады. Иманы жолдас болып, рухы пейіште шалқысын - делінген министрліктің көңіл айтуында.

Өзгелердің жаңалығы