Беларусьте Президент сайлауы өтті

9 Тамыз 2020, 22:29
2153
Бөлісу:
Беларусьте Президент сайлауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусьте президенттік сайлау өтті деп танылды. ВВС ақпаратына сәйкес, осы уақытқа дейін дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 65 процентінен астамы өз таңдауын жасаған.


Олардың арасында қазіргі Президент Александр Лукашенко мен оппозициялық үміткер Светлана Тихановская да бар. Жалпы халықтың дауыс беруі үшін Беларусьте барлығы 5 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. 44-і шет елдерде ашылды. Мәскеу мен Варшавадағы Беларусь елшілігінің алдында дауыс берушілердің кезегі пайда болған.

Айта кетейік, сайлауға бес кандидат қатысып жатыр. Олар - қазіргі Президент Александр Лукашенко, күйеуі үшін сайлауға түскен Светлана Тихановская, Анна Канопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень.


Өзгелердің жаңалығы