Бас жаңалықтар
Беларусь Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды
PHOTO
24 Қазан 2019, 16:01 1387

Беларусь Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін бас қалада Беларусь елінің жаңа кешенді ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарланды елорда әкімдігінің сайтында.

9c3b78666464982150caa0280a6be9fe.jpg

"Нұр-Сұлтан қаласында Беларусь елінің кешенді ғимаратының ашылуы - айтулы оқиға және біздің тәуелсіздігіміздің баянды екендігінің белгісі. Елшіліктің ашылуы Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарына орайластырылып отыр. Беларусь елінің дипломатиялық корпусы 1998 жылы ел астанасына келіп орналасты. Дәл осы ел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстырып, Астана атауын беру оқиғасын куә болып, Тұңғыш президенттің идеясын қолдады.

Бүгінде бұл - Нұр-Сұлтан қаласы. Бүгінгі күні елорда заманауи мегополисқа айналып үлгерді. Бас қаланың инфрақұрылымы мен ерекше архитектурасы таң қалдырады. Нұр-Сұлтан қаласында жыл санап түрлі бағыттағы ғимараттар мен маңызы бар нысандардың саны көбейіп келеді. Соның бір дәлелі бүгінгі Беларусь елінің елшілігі. Екі ел арасындағы бауырластыққа құрылған қарым-қатынас дами түсінетініне сенімдімін", - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр елшіліктің ашылу салтанатында.

c7b881b82537e452dac5ccb643611b4d.jpg
Елордадағы елшіліктің ашылуына Беларусь Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин қатысты.

Фото: дереккөз
Загрузка...