Бас жаңалықтар
Бельгияда дәмханалар жабылып, коменданттық сағат енгізілді
17 Қазан 2020, 10:47 93

Бельгияда дәмханалар жабылып, коменданттық сағат енгізілді

Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус індетінің таралуын тоқтату үшін Бельгия билігі қатаң шараларды қолға алды. Бұл туралы The Brussels Times басылымы жазды.

Корольдіктің премьер-министрі Александер Де Кроо үкіметтің шұғыл жиынынан кейін өткізген баспасөз мәжілісінде дүйсенбіден бастап елде коменданттық сағат енгізілетінін мәлімдеді. Нәтижесінде адамдар сағат 00.00 ден таңғы 5-ке дейін далаға шықпайтын болады.

Оған қоса 19 қазаннан бастап әлеуметтік арақашықтық міндеттеледі. 

Елде вирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп келеді. Біздің дәрігерлер мен ауруханаларға ауыр тиіп отыр. Бұл вируспен күресте күшіміз тең болмай тұр, - деді ол.

Соңғы екі аптада бұл елде вирус жұқтыру жағдайы 182%-ға өскен. Пандемия басталғалы 190 мың жұқтыру жағдайы тіркелген. Індеттен 10 327 адам көз жұмған.


Фото: дереккөз
Загрузка...