Бекзат Саттархановтың әкесі дүниеден озды деген хабар барлығымызға ауыр тиді – Абаев

26 Ақпан 2020, 13:16
2723
Бөлісу:
Бекзат Саттархановтың әкесі дүниеден озды деген хабар барлығымызға ауыр тиді – Абаев

Министр Дәурен Абаев Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озғанына байланысты отбасына көңіл айтты. 

Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды. 
Даңқты боксшымыз, талантты өрен Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан ағамыз дүниеден озды деген хабар барлығымызға ауыр тиді. Ағамызбен былтыр "Бекзат" фильмінің көрсетілімінде танысу бұйырған еді. Сол кездесуден байқағаным, Бекзаттың бойындағы қарапайымдылық пен адамгершілік, қайсарлық пен өрлік, ең алдымен, әкесінен дарыған қасиеттер екен. "Әке көрген оқ жонар" дегендей, осындай рухы мықты әкелер ғана Бекзаттай туымды ұл тәрбиелер болар. Сейілхан ағамыздың жары Сырлыкүл апайымызға, балаларына, жақындары мен туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болсын, - деп жазды Абаев.

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озғаны туралы хабарлаған едік.





Өзгелердің жаңалығы