Бас жаңалықтар
Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді
18 Қазан 2020, 13:52 261

Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Suleimen Promotion» компаниясы Атырауда бокс кешін ұйымдастырғалы отыр. Кештің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы WBO Global, WBC Asia, WBA International белбеулерін сарапқа салады деп күтілуде.

Бүгін белгілі болғандай, 2019 жылы әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сондай-ақ осы кеште бокстан ұлттық құраманың мүшесі Абылайхан Жүсіпов андеркартта жұдырықтасады. Одан бөлек кеште Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов пен Данила Семенов шығады деп күтілуде. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...