Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Алматыда карантин күшейтіле ме?

10 Наурыз 2021, 21:49
1902
Бөлісу:
Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Алматыда карантин күшейтіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекциясы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды күшейту» туралы жаңа қаулысы шықты.

Алматы қаласында 2021 жылғы 10 наурызда №9 жаңа қаулы шықты. Онда коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы жазылған:

- Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

- «Наурызды» және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) Алматы қаласына кіруін (қозғалысын) тоқтата тұру;

- Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;

- Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және автовокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;

- Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;

Коронавирустық инфекцияның жеңіл және орташа нысандарымен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ үй карантинін сақтау үшін жағдайлар болмаған кезде симптомсыз нысандарды ауруханаға жатқызу міндетті.

Аталған қаулы 2021 жылдың 13 наурызда күшіне енеді. Оның толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы