Бекшин: Журналистер мен блогерлерден халықты шатастырмауды сұраймыз

28 Қаңтар 2020, 18:38
1811
Бөлісу:
Бекшин: Журналистер мен блогерлерден халықты шатастырмауды сұраймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас санитарлық дәрігер коронавирусқа еш қатысы жоқ адамдардың дене қызуының көтерілуі жиілеп бара жатқанын айтты.

Бүгінгі брифингте ол Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан Қазақстанға жоғары температурамен келген адамдарды іздеп жатқанын жеткізді. 

Біз 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген барлық шетелдікпен және азаматтарымызбен байланыс орнаттық. Олармен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және жергілікті медицина қызметкерлері тікелей хабарласып отыр. Барлығынан емханаларға баруларын сұраймыз. Ауру адамдар, әсіресе дене қызуы бар адамдар біздің мамандардың көмегіне жүгінуі және есепке тұрулары керек. Олар 14 күні бойы күнделікті медициналық бақылауда болады, -деп мәлім етті Жандарбек Бекшин.

Оның сөзіне сүйенсек, бұл жыл сайын болатын маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңімен тұспа-тұс келіп тұр.

Осы аурулардың алғашқы белгілері бірдей, өте ұқсас болады. Сондықтан ең алдымен коронавирустың алдын алу үшін, халыққа түсіндіру үшін журналистер мен блогерлерден алдын алу шараларын шатастырмауды, жауапкершілік сақтауды сұраймыз, - деді Бас санитарлық дәрігер.
Өзгелердің жаңалығы