Бекшин тағы қаулы қабылдады. Алматы тынысында не өзгермек?

23 Шілде 2021, 22:09
2846
Бөлісу:
Бекшин тағы қаулы қабылдады. Алматы тынысында не өзгермек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың таралуының алдын алуға қатысты жаңа шаралар қабылдады.

Алматы қаласының тұрғындapы арасында коронавирустың дельта (үндістандық штамы) нұсқасының таралуына байланысты сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 104-бабының 2, 3, 5, 7- тармақтарына (31.03.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін жане халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі  612 қаулысына сәйкес, ҚАУЛЬІ ETEMIH, - делінген құжатта.
Қаулыға сәйкес Алматы тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігінде бірқатар өзгеріс болады.

Атап айтқанда Ashyq жүйесіне қатысуына қарамастан жабық бассейндер мен аквапарктердің қызметі тоқтатылады.

Ashyq жобасы бойынша жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін келесі нысандар жұмыс істейтін болады:

- ашық бассейндер;

- кинотеатрлар;

- қоғамдық тамақтану нысандары (жазғы алаңдар, фудкорттар);

- спорттық нысандар;

- қалалық жағажайлар;

- боулинг және бильярд;

- ауданы 1000 м² асатын азық-түліктік емес дүкендер, ашық және жабық базарлар.

Сонымен қатар банк, ХҚКО, «Қазпошта» бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша штаттық режимде жұмыс істейді.

Жұмыс күндері діни нысандардың қызметіне рұқсат берілді. Дегенмен ғимаратта ұжымдық шаралар өткізуге болмайды.

Қаулы 26 шілдеден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Өзгелердің жаңалығы