Бекшин оқушылар мен студенттер офлайн режимде білім алу үшін не істеу қажеттігін айтты

17 Маусым 2021, 14:03
6562
Бөлісу:
Бекшин оқушылар мен студенттер офлайн режимде білім алу үшін не істеу қажеттігін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Студенттер күзде білімді қандай форматта алады?» деген сауалға жауап берді.

Оның айтуынша, 18 жасқа толған студенттер мен оқытушылардың 80 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алған жағдайда білімді офлайн режимде ала алады.

Елімізде вакцина алу ерікті түрде жүріп жатыр. Менің ойымша, студенттер офлайн режимде білім алғысы келсе, студенттер мен оқытушылардың 80 пайызы екпе алулары қажет. Сондай-ақ үйдегі 18 жастан асқандардың барлығы вакцина алған болса, балабақша және мектеп жасындағы балалар білім беру мекемесіне барулары керек. Егер осындай ереже енгізілсе, алдын алу жұмысы жүрер еді, - деді Бекшин.

Сонымен қатар ол вакцина алу көптеген мәселені шешетінін жеткізді.

Балалар мен жасөспірімдер екі жылдан бері онлайн режимде білім алып жатыр. Келесі оқу жылынан бастап білім беруді офлайн режимде өткізген дұрыс. Бірақ ол үшін үйдегі ересектердің барлығы екпе алған болуы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы