Бекшин Алматының жарты жылдан кейінгі эпиджағдайына болжау жасады

12 Қараша 2021, 16:14
905
Бөлісу:
Бекшин Алматының жарты жылдан кейінгі эпиджағдайына болжау жасады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында мегаполистің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, халықтың вакцина салдыру қарқыны тәулігіне 0,1%-ға жеткен.

Қазіргі уақытта қаладағы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56%-ға жетті. Атап айтқанда, 48% – вакцинацияланған және 8% – ауырғандар. Екпе салдыру қарқыны тәулігіне 0,1%-ға тең. Келесі жылы мамыр айында, яғни 6 ай өткен соң біз мұның 75%-ға жеткенін көреміз, - деді Жандарбек Бекшин.

Еске сала кетейік, елімізге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгені белгілі. Екпе ең бірінші 12 жастан асқан балаларға, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға салынады. Бір құтысы 6 дозаға есептелген. Вакцинациялау әдеттегідей екі компонент бойынша жүргізіледі. Екінші компонент араға 21 күн салып егіледі.

Өзгелердің жаңалығы