Бас жаңалықтар
Бекболат Тілеуханмен суретке түскен Қытай қазақтары сотталған – адвокат
11 Желтоқсан 2019, 17:51 10421

Бекболат Тілеуханмен суретке түскен Қытай қазақтары сотталған – адвокат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдан қашып келген екі этникалық қазақ Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлының адвокаты Ләззат Ахатова Қытайдағы қысым туралы айтты.  

Қытайдағы мұсылмандардың жағдайы өте қиын. Өткенде баспасөз мәжілісін өткіздім. Қытайдың Тарбағатай аймағындағы Дөрбілжін ауданында өте көп екен. Соңғы екі жылда 15 мың адам ұсталып кеткен. Бұрынғы судья, қазіргі адвокат ретінде бірден қоятын сауалым: "Қандай айып тағылды?", "Не себепті?". Жайдан-жай соттай салуға болмайды ғой. Бір себеп болу керек. Қазақстан оларда 26 террористік мемлекеттік қатарында екен. Қазақстанға барып келгендері үшін де қамалғандар жетеді. Мысалы, Бекболат Тілеуханмен суретке түскені үшін төрт жігіт сотталып кеткен. Соның біреуі жақында өлтірілді. Бекболат Тілеухан Қытайдағы қазақтармен кездесуде: "Ел-жұртқа келіңіздер" деп айтқан. Жиыннан кейін жаппай бәрі Бекболат Тілеуханмен суретке түскен. Сол сурет үшін 4 жігіт сотталып кеткен, - дейді Ләззат Ахатова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...