Бекболат Тілеухан арнайы әскери міндетін өтеп жүрген азаматтармен жолықты

12 Мамыр 2020, 23:48
1807
Бөлісу:
Бекболат Тілеухан арнайы әскери міндетін өтеп жүрген азаматтармен жолықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан арнайы әскери міндеттілер ротасының жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу Отан қорғаушы күніне және Ұлы жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Кездесу барысында отанға қызмет, ел тарихы және мемлекет дамуы сынды тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, қиын кезде әскер сапынан табылғаны үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды - делінген ҰСҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әскери міндеттілер ҚР Президентінің жарлығына сәйкес ерікті түрде әскер сапына қосылған. 

Төтенше жағдай кезінде арнайы рота 6 млн м² аумақта, мыңға жуық объектіде дезинфекциялық жұмыс жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы