Бас жаңалықтар
Bek Air ұшағының қалай құлағаны видео арқылы көрсетілді
19 Ақпан 2020, 16:50 167

Bek Air ұшағының қалай құлағаны видео арқылы көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Алматы маңындағы құлаған Bek Air  әуе компаниясының видеосын көрсетті.

Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) бас директоры Виктор Сороченко визуализация мемлекетаралық авиациялық комитеттің техникалық зертханасы негізінде жасалғанын айтты.
Бұрын практикада осындай жағдайлар болған. Ұшу кезінде ұшу параметрлерінің мұндай ұқсастығы 2007 жылы Францияда байқалды. Біз визуализацияны мұқият қарап, жүзеге асырдық. Франциядағы және 27 желтоқсандағы Алматыдағы рейстермен салыстырдық. Ұқсастық көп.  Ұшу параметрлері, жылдамдық көрсеткіштері, ұшу биіктігі жобалас, - деді Сороченко.
 Ол екі түрлі жағдайда аэродинамикалық қасиеттері нашарлаған кезде ұшақ тоқтау режиміне енеді деп отыр.
 
Ұшудың барлық динамикасы әуе кемесінің тоқтау режиміне өткендігін көрсетеді. Бұл екі себепке байланысты болады. Ұшақ қанатының алдыңғы шеті таза емес немесе төбесінің тұтастығы бұзылған. Нәтижесінде ұшақ жүк көтергіштігін жоғалтты. Менің тәжірибемде бұдан басқа себептер жоқ. Сондықтан біз сөзсіз мұздату мәселесіне мән береміз, - деп түсіндірді комитеттің бас директоры.

Оның айтуынша, Fokker 100 ұшағы 6 метрге дейін көтеріліп, содан кейін төмен ылдилаған.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...