Bек Air ұшақтары: Доңғалағы тозып, майлары ағып, едендері тесіліп қалған

24 Қаңтар 2020, 18:50
2623
Бөлісу:
Bек Air ұшақтары: Доңғалағы тозып, майлары ағып, едендері тесіліп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bек Air" әуе компаниясының ұшақтарына жүргізген тексерудің қорытындыларын жариялады.

Жиын барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі басшысы Линда Орлэди қорытындыны жария етті.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bек Air" әуе компаниясын тексеру барысында әуекомпанияның ұшу жарамдылығына қатысты екі негізгі мәселені анықтады. Біріншіден, әуе компанияның толық және тиісті есеп жүргізу арқылы әуе флотының ұшу жарамдылығын қолдауды бақылай алмағаны мәлім болды. Техникалық журналдардың жазбалары құрамдас бөліктерді бір ұшақтан екінші ұшаққа ауыстыру процесінің елеулі мәліметтерімен сәйкес келмейді. "Bек Air " бір ұшақтың құрамдас бөліктерін басқа ұшаққа орнату процесін үнемі қолданатындығын көрсетеді.Бұл әрекеттер компоненттердің пысықталуын есепке алу және пайдалану сағаттарын тіркеу туралы мәселелерді тудырады. Сондай-ақ " Bек Air" АҚ-ның қаржыландырудың жеткіліксіздігінен немесе ескі ұшақтар үшін қосалқы бөлшектерді алудың күрделілігінен қосалқы бөлшектерді алуға қабілетсіздігін көрсетеді, – дейді Линда Орлэди.

Оның айтуынша, әуе кемесінің шассиінің кейбір дөңгелектерінде резеңке бөліктері болмаған, шиналардың тозу шектеулері сақталмаған. Ұшу қауіпсіздігі бөлімінің басшысы әуе кемесінің зақымдануы еш жерде тіркелмегенін атап өтті.

Журналда ешқандай жазба жоқ. Жанармайдың ағуы орталық төменгі фюзеляждың басқа ұшағында анықталды. Журналда сонымен қатар бұл ағу туралы айтылмаған. Әуе кемесінің бірінде жолаушылар салонында сұйықтықтың ағуы анықталмаған. Саңылаулар барлық жағынан жүк салғыш панельдерінен табылды. Бұл тесіктер болмауы керек. Алдыңғы жүк салғыштың алдындағы фюзеляждың оң жағында үлкен шеттері бар ұшақтар табылды. Инспекторларды жүк бөліктерінің панельдері бір-біріне тығыз орналасқаны алаңдатып отыр. Бұл, әсіресе, өрт қауіпсіздігінің ережелеріне қайшы, – деді Линда Орледи.

Ол егер ұшқыш болсам мұндай дөңгелегі бар ұшақпен ұшпас едім деп отыр.

Суреттен ұшақтың тұмсығында бүлінген тұстар бар екенін көресіздер. Ұшақ тұмсығында локаторлық байланыс тетіктері болатыны ескерсек, мұндайға жол берілмеуі керек. Ұшақ дөңгелектері өте қатты желінгені байқалады. Егер ұшқыш болсам, мұндай дөңгелегі бар ұшақпен ұшпас едім. Сонымен қатар осы ақау ешбір құжатқа тіркелмеген. Дөңгелек тозуының лимиті қатаң сақталуы керек. «BEK Air» компаниясында ол да болмай шықты, – деді қауіпсіздігі жөніндегі басшы.

Ол ұшақта фиксация жасау үшін скотч пайдаланылғанын айтты.

Жалпы халықаралық тәжірибеде ұшақта скотч қолдануға болады. Бірақ ол арнайы скотч болу керек. Біздің инспекторлар анықтаған скотч авиациялық емес. Сондай-ақ "Bек Air" ұшақтарында корпустың сырылуы, еден жабыныны жыртылуы анықталды. Одан бөлек, ұшақ қанаты нығыздағыш резеңкемен толықтай жабдықталмаған, – дейді спикер.

Авиация басқармасының басшысы Питер Гриффитстің айтуынша, "Bек Air" компаниясын тексеру әлі аяқталған жоқ. Авиация басқармасы инспекциясының тексеруі 26 қаңтарға дейін, көлік прокурорларының тексеруі - 10 ақпанға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы