Bek Air ұшағының қара жәшігінің техникалық жағдайы жақсы болған – Скляр

30 Желтоқсан 2019, 10:42
5099
Бөлісу:
Bek Air ұшағының қара жәшігінің техникалық жағдайы жақсы болған – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының бортындағы қысымды өздігінен жазып отыратын құралының (қара жәшік) техникалық жағдайы жақсы болған. 

Бұл туралы журналистерге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты.

Олардың техникалық жағдайы жақсы, сондықтан ашқан кезде қиындық болмайды деп үміттенеміз. Мемлекетаралық авиациялық комитеттегілер мерекелік күндері де жұмыс істейтінін және ашып беретінін айтты. Бұған дейін айтқанымыздай, 10 қаңтарға дейін тергеудің алдын ала нәтижелерін береміз. Bek Air компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолданылады, - деді премьер-министрдің орынбасары. 

Айта кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керегі де хабарланды. Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті. 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Өзгелердің жаңалығы