Бас жаңалықтар
Bek Air-дің екінші ұшқышының өлімінде қылмыстық фактор жоқ – ІІМ
29 Қаңтар 2020, 12:02 180

Bek Air-дің екінші ұшқышының өлімінде қылмыстық фактор жоқ – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңында апат болған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының қайтыс болу себебін сот-медициналық сараптама анықтайды. Осы орайда құқық қорғау органдары қылмыстық әрекеттерді жоққа шығарды. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев хабарлады.

Адам өлімінің кез келген фактісі бойынша қажетті сот-медициналық зерттеулері тағайындалады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшқыш апат кезінде алған жарақаттан да немесе басқа да қылмыстық факторлардан қайтыс болған жоқ. Мүмкін оның денсаулығына байланысты шығар. Мұның барлығын сот-медициналық сараптамасы көрсетеді. Ол 30 күнде дайындалады, - деді Қожаев.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған Bek Air-дің екінші ұшқышы Миржан Мулдакуловтың қайтыс болғаны туралы 28 қаңтар күні белгілі болды. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Мулдакулов №4 Қалалық клиникалық ауруханадан үйіне 21 қаңтарда қалыпты жағдай жіберілді. 
Миржан Мулдакулов 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Жалпы ұшу уақыты – 11 544 сағат, оның ішінде Fokker-100 ұшағында – 4144 сағат.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...