Бас жаңалықтар
Bek Air басшысы: Екінші ұшқыш қателік жіберген
14 Қаңтар 2020, 16:34 2284

Bek Air басшысы: Екінші ұшқыш қателік жіберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы маңында құлаған ұшаққа қатысты ойымен бөлісті.

Ұшақ көтерілгеннен кейін оны жан-жаққа лақтыра бастады. Сол кезде командир: "Бұл не?" - деп сұрады, оған екінші ұшқыш: "Тұрақтандырғыш қондырғысы, тоқтаймыз", - деді. Бұл арада, әрине, мойындау керек, ұшақ ол "шешім қабылдау жылдамдығы" деп аталатын уақыттан өтіп кеткен еді. Яғни бұл жылдамдықта не ұшу, не тоқтау туралы шешім қабылдануы керек. Ал ол кезде ұшақ көтеріліп үлгерген. Бұл жерде екінші ұшқыш қозғалтқыштың жұмыс режимін төмендеткен кезде қателік жіберді, - деді Нұрлан Жұмасұлтанов "31 телеарнаға" берген сұқбатында.

Айта кетейік, арнайы құрылған комиссия қара жәшіктің көмегімен апаттың неден туындап, қалай өрбігенін анықтай алды. Бұған дейін вице-премьер Роман Скляр ұшақ апатының себебі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...